Тәртіп сақшылары «Мигрант» жедел алдын алу шарасы барысында заң бұзушыларды анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«Көші-қон қызметінің мамандары Қазақстанға турист ретінде келген, бірақ Өскемендегі қонақүйлердің бірінде техникалық қызметкер болып жұмыс істеген төрт шетел азаматын анықтады», - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Көші-қон саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін шетелдіктер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жұмыс беруші де жауапкершілікке тартылады – оған 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды.