12 мамыр күні Өскемендегі аймақтық Ustudy тестілеу орталығы С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің 5-корпусында 11-сынып оқушыларына арнап концерт өткізеді. Шараның ұраны – «Кім білсін сенің бақытың, сүрінген жерден басталар», деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Концерттік жобаға бес жүзге жуық 11-сыныптың оқушылары шақырылған. Мектеп бітірушілер үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, облыстың танымал кәсіпкерлері өмірлік тәжірибелерімен бөліседі.
– «Кім білсін сенің бақытың, сүрінген жерден басталар» атауын текке таңдап алған жоқпыз. Жобаны осылайша атау арқылы өмірдің тарау-тарау жолдары барын, Ұлттық бірыңғай тестілеу оның тек қана бір кезеңі екенін айтқымыз келеді. ҰБТ – ол өмірдегі бір ғана қадам, – дейді ұйымдастырушылар.