Өскеменде Үлбі көпірі жақын арада ашылмайды

443
көрілім
Фото қала әкімдігінен

Мамандар көпірдің зақымдалған бөлігін қалпына келтіру үшін жоспар құрып жатыр, деп хабарлайды Buqara сайтының тілшісі.
2 қарашада Үлбі арқылы өтетін Шнайдер көпірінің бір тіреуіші зақымдалғаны анықталды. Болжам бойынша бұл қатты ағыс алып бара жатқан ағаштың көпірдің астында қалып қоюынан болған.
Еске салсақ, қараша айының басында Үлбінің су деңгейі көтеріліп кеткен. Сол күні көпір жабылған болатын.
Қазір мамандар сараптама жасап, зақымдалған тіреуішті қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
- Ауа райының қолайсыздығына қарамастан қалпына келтіру жұмыстарын жалғастырамыз. Әзірше көпірдің үстімен жүріп-тұруға қауіпті болғандықтан жолды ашуға болмайды, - деді Өскемен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нұржан Жапбаров.