Қала тұрғындары жансыз денені кездейсоқ көріп қалып, полиция қызметкерлеріне қоңырау шалған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 қазан күні 102 арнасына облыс орталығының тұрғыны Үлбі көпірі жанында ер адамның мүрдесі жатқандығын айтқан. Дереу арада оқиға орнына тәртіп сақшылары жетіп, көз жұмған адамның жеке деректерін анықтады. Ол, 55 жастағы Өскемен тұрғыны болып шықты.
Оқиғаға қатысты өлімнің себебін анықтайтын сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.