Өскеменде Үлбі өзеніне ағып кеткен ер адам құтқарылды

184
көрілім

Өскемен қаласында Үлбі өзеніне ағып кеткен ер адамға құтқарушылар көмекке келді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға бүгін Протозанов көшесінің маңындағы Үлбі өзенінде болған. Көмек сұрап айқайлаған дауысты естіп қалған куәгерлер құтқарушылар шақырды. 
«Сол жерге қайықпен келген ТЖД қызметкерлері ер адамды көрді. Белгілі болғандай, ол ыстық күнде жабдықталмаған жерде шомылуға шешім қабылдаған. Алайда оны ағыс алып кетіп, соның салдарынан өздігінен жағаға жете алмады», - делінген ақпаратта. 
Құтқарушылар 30 жастағы азаматты судан алып шығып, қауіпсіз жерге жеткізіп, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды. Абырой болғанда, оның денсаулығына ешқандай зиян келмеген.