Өскеменде Үлбі өзеніне батып кете жаздаған әйел құтқарылды

964
көрілім
Сурет ШҚО ТЖД

Суға батып бара жатқан әйелді тәртіп сақшылары құтқарып қалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Полиция бөлімінің «102» жедел арнасына Үлбі өзенінде әйел адам суға батып бара жатқаны жайлы қоңырау түскен.
– Оқиға орнына жеткен полицейлер оның жағадан үш метр жерде, жұқа мұз үстінде жатқанын көрді, – делінген мәліметте. – Содан өзенге құтқару шеңберін тастап, әйелді судан алып шықты.
Төтенше жағдайлар департаментіндегілер әбден тоңған әйелді жылы киіндіріп, бірден ауруханаға жеткізген.