Өскеменде Ұлттық Ұлан сарбаздары қайырымдылық жәшігінен ақша ұрлаған ер адамды ұстады

424
көрілім

Өскемен қаласының тұрғыны қайырымдылық қорына түскен ақшаны ұрлап кеткен, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Оқиға 23 қаңтар күні орын алған. Кешкі сағат 19.30 шамасында Өскемен қалалық Полиция басқармасына еуропалық келбеттегі белгісіз ер адам «Император» сауда үйіндегі қайырымдылық жәшігінен ақша ұрлап кеткені туралы хабар келіп түседі.

Кейін белгілі болғандай 2000 жылғы жігіт сауда үйіне келіп тұтынушылардың аяғы сиреуін күткен. Кейін ешкімге білдіртпей қайырымдылық жәшігін ашып ішінен 20 000 теңгені ұрлап кетеді.

Ұлттық Ұлан 5518 әскери бөлімінің кіші сержанты Азат Ульянов пен қатардағы сарбаз Ердос Киікбай күдіктіні ұстап Ертіс полиция бөліміне жеткізген.