Өскеменде үш оқушы зардап шеккен жол апаты жайлы полиция мәлімет берді

421
көрілім

Кәмелетке толмаған жаяу жүргіншілерді көлік қаққан. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
14 қарашада сағат 19:00 Қ.Сәтпаев даңғылы мен Жібек жолы қиылысында үш оқушыны көлік қағып, ауруханаға жеткізілді.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҚР Қылмыстық Кодексінің 345- бабы 2-бөлігімен (абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) сотқа дейінгі тергеу басталды.