Өскеменде үстел теннисінен жастар арасындағы ел чемпионаты өтіп жатыр.
Аталған жарыста Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан бөлек, еліміздің әр өңірінен келген мықтылар өзара шеберлік байқасуда. Үздіктер жекелей, жұптық, аралас және командалық сында анықталады. Еліміздің кіл мықтылары жарыс жолына шықты. Айталық, Сарвиноз Мирқадырова (Шымкент), Исандер Харки (Жамбыл облысы), Анель Бақыт (Шымкент), Сағынтай Құрмамбаев (Өскемен), Санжар Жұбанов (Алматы), Александра Смирнова (Қарағанды), Ангелина Романовская (Павлодар облысы), Ырысбек Артықметов (Шымкент), Арай Әшкеева (Қарағанды), Бағдәулет Әкімәлі (Шымкент), Жанерке Көшкімбаева, Темірлан Ким (Қарағанды), Гузель Торшаева (Алматы), Алиса Цвигун (Астана) және тағы басқалары.
Ұлттық құраманың негізгі мүшелерінің бірі Алан Құрманғалиев (Қарағанды) жекелей кесте бойынша жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатына дайындалып жатыр. Аталған дода желтоқсан айының 4-11 аралығында Тунисте өтеді. Сол себепті де Өскемендегі бәсекеден шет қалды. Сайыс Теннис орталығында болып жатыр.
Әділхан ЕСІМХАНОВ