Өскемендегі үстел теннисі орталығында алты күнге жалғасқан жастар арасындағы ел чемпионаты аяқталды. Жергілікті Сағантай Құрмамбаев жұптық жарыста топ жарды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Финал, ерлер.
Санжар Жұбанов (Алматы) - Сағантай Құрмамбаев (Өскемен) 3:2.
Үшінші орын үшін матчтар.
Ырысбек Артықметов (Шымкент) - Темірлан Ким (Қарағанды) 3:0;
Ескендір Харки (Жамбыл облысы) - Дамир Сәрсенбай (Алматы) 3:1.
Финал, қыздар.
Сарвиноз Мірқадірова (Шымкент) - Анель Бақыт (Шымкент) 3:0.
Үшінші орынға Павлодар облысы мен қарағандылық теннисшілер ие болды.
Финал, жұптық разряд, қыздар.
Анель Бақыт / Ангелина Романовская (Шымкент / Павлодар облысы) - Сарвиноз Мірқадірова/Гузель Торшаева (Шымкент/Алматы) 3:1.
Финал, жұптық разряд, ерлер.
Санжар Жұбанов / Сағантай Құрмамбаев (Алматы / Өскемен)-Абдулла Мамай / Қадырәлі Қабдылуахитов (Алматы / Павлодар облысы) 3:0.
Үшінші орынға Жамбыл мен Қарағанды облысының спортшылары ие болды.
Аралас разряд бойынша шымкенттік Ырысбек Артықметов / Сарвиноз Мірқадірованың мерейік үстем болды.