Өскеменде қатты жауын-шашын мен ұйытқи соққан жел өнеркәсіптік арматура шығаратын зауыттың шатырын ұшырып кетті, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.
Түске дейін Өскемен қаласында қатты жаңбыр жауды. Жауынмен бірге соққан желден шығын да келтірілген. Әлеуметтік желінің қолданушылары табиғаттың оғаш мінезі салдарынан орын алған жағдайларды жарыса жариялап жатыр. Қаладағы арматура өндіретін зауыттың шатыры ұшып кетіп, Аблакетка ауданындағы орталық көшелердің бірінде қозғалысты шектеген.
– Зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ. ШҚ АЭК қызмектерлері сол маңдағы тоқтың бәрін ажыратты. Қазіргі уақытта зауыттың жұмысшылары жағдайды ретке келтіруде, – деп хабарлайды Өскемен қаласының ТЖБ баспасөз қызметі.
Ал қаланың ЖМК ауданында автокөліктің үстіне жуан бұтақ құлап кеткен. Ал Стрелка ауданында жарық өшіп қалған көрінеді.
Бұған қоса Өскемен қаласының ТЖБ қызметкерлері ЖМК ауданынан тағы бірнеше шағым түскенін хабарлайды.