Өскемен қаласының прокуратурасы 29 қазан мен 8 қараша аралығында "Заң керуені" акциясын өткізбек.
Акция сағат 09.00-ден 16.00-ге дейін сауда орталықтарында, мектептерде, «Азаматтарға арналған үкімет «МК» КЕАҚ филиалдарында, қала вокзалдарында азаматтарды көшпелі аралау және қабылдау нысанында өткізілетін болады.
Акцияның мақсаты-халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, азаматтардың құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, заңдарды түсіндіру.
Науқан өткізілетін орындар туралы толық ақпаратты 8(7232)75-48-48 телефон нөмірі бойынша алуға болады.