Өскеменде заңсыз орналасқан және жұмыс істемейтін дүңгіршектерді жою жалғасады

420
көрілім

Жыл басынан бері облыс орталығында 200-ге жуық нысан алынып тасталды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


Қалалық әкімдіктің мәліметінше, қазіргі уақытта 83 жұмыс істемейтін дүңгіршек анықталып, 31 павильон орнынан алынды. Жалпы 2019 жыл басталғалы 175 сауда нүктесі қала ішінен шығарылған.
– Жұмысты осы қарқынмен жалғастыру қажет. Біз саудаға қарсы емеспіз, алайда кәсіпкерлер жер телімін заңды түрде алу қажет. Оған қоса, заманауи талапқа сай болуы керек, – деді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар.