Облыс орталығында Зайсан ауданының мәдени күні өтеді. Өткен аптада қалаға Тарбағатай ауданынан келген, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Зайсан ауданының мәдени күні 15-16 қыркүйекте өткізілмек. «Туған ел – алтын бесігім» атты Гала концерті 15 қыргүйекте сағат 18.30-19.45 аралығында ұйымдастырылады. Дәл осы уақытта ауылшаруашылық және өнеркәсіп өнімдерінің, қолөнер, зергерлік бұйымдар, балалар шығармашылығы, аудандық тарихи-өлкетану музейінің көрмес болады. Шара «Сму-Шығыс» компаниясының демеушілігімен мерекелік отшашумен аяқталмақ.
Келесі күні FresҺ Market сауда орталығында өтетін шаралар төмендегідей:
- Зайсан ауданының ауылшаруашылық жәрмеңкесі (08.00-14.00)
- Зайсан ауданы көркемөнерпаздарының концерті (9.00-12.00)
- Зайсан ауданы ауылшаруашылық және өнеркәсіп өнімдерінің, қолөнер, зергерлік бұйымдар, балалар шығармашылығы, аудандық тарихи-өлкетану музейінің көрмесі (9.00-12.00)
- Ұлттық спорт түрлерінен сайыстар: қол күресі, арқан тарту, штанга және кір тасын көтеру, қой мен серке көтеру) (9.00-12.00)
- «Зайсанның дәмі» жәрмеңке қонақтарына палау, бауырсақ, тәттілер тарату (9.00-12.00)
Ал Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапхасында өтетін шаралар:
- Зайсан ауданының тумасы, балалар жазушысы, публицист, Халықаралық «Андерсон» сыйлығының иегері Марат Қабанбайдың 75 жылдық мерейтойына орай «Балалар әдебиетінің жарық жұлдызы» атты еске алу әдеби кеші.
М.Қабанбай шығармашылығының көрмесі (10.00-11.00).
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде өтетін шаралар:
- Жергілікті өлке тарихын жазушы, Қазақстан Республикасының Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі, 30-ға жуық кітаптардың авторы, Абай тақырыбына сөзжұмбақ құрастырудан есімі Қазақстан КИНЭС–тер энциклопедиясына енген Қалибек Алтыбаевтың С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің студенттерімен кездесу кеші, көрме
- Зайсан поэзия жастар театрының Абай тақырыбына қойылымы. Модератор: Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері С.Құсанбаев (11.30-12.30)
Арбатта өтетін шаралар:
- Зайсан ауданы өнерпаздарының концерті (16.00)
- Қолөнер, балалар шығармашылығы, аудандық тарихи-өлкетану музейінің көрмесі (16.00)
- Спорттық сайыстар (садақ ату, тартыспақ, арқан тарту, ләңгі тебу. Қаппен картоп, ұн, қант көтеру (16.00)
- Сурет көрмесі, сурет конкурсы (16.00).