Наурыз айының 21 күні 79 жастағы зейнеткер қаладағы Үлбі полиция бөліміне өзін тонап кеткені жайлы шағым түсірген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Тергеу амалдары барысында белгісіз ер адам есігі ашық тұрған үйге кіргені анықталды. Ұры бірден асүй бөлмесіне кіріп, үстелде тұрған құны 200 мың теңгелік «LG» маркалы теледидарын қолды қылған.
Тергеу барысында 41 жастағы ер адам ұрлық жасағанын мойындап, теледидарды иесіне қайтарып берді.
ҚР Қылмыстық Кодексі 191-бабының 3-тармағына сәйкес (тонау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
oskemende_zeynetkerdi_tonahan_ury_kurykt
49