Облысқа іргелес жатқан Қытай және Моңғолия елдеріне тұрақты әуе бағыттарын ашу мәселесі пысықталып жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
"Өскемен әуежайы" АҚ хабарлағандай, көршілес ҚХР өкілдерімен Өскемен-Үрімші рейсін ашу туралы келіссөздер жүргізілуде. Бұл бағыттағы ұшақтар аптасына екі рет ұшады деп жоспарланған.
Сондай-ақ Өскемен – Баян – Өлгей бағыты бойынша тікелей әуе бағыты іске қосылуы мүмкін. Алдағы уақытта бұл мәселені талқылау үшін облыс орталығына моңғол делегациясы келеді.