Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«Осы жылдың наурыз айында жұмысын бастауы тиіс мамандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында болдым. Облыс тұрғындары оның ашылуын асыға күтуде, себебі орталық автокөліктерге қатысты барлық қызмет түрін алатын өзіндік «бір терезеге» айналады», - деді Ермек Беделбайұлы. - Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы заманауи құрал-жабдықтар мен білікті мамандардың арқасында қажетті қызметтерді алу процесін жылдам әрі қолжетімді етеді».
Аталған орталықта болашақ көлік жүргізушілері теория мен тәжірибені қатар меңгереді. Ол үшін аумақта тікелей полигон ашылады.
«Ыңғайлы орналасу, тұтынушыларға арналған кең павильондар, қызықты дизайнерлік шешімдер және мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапалы әрі жаңа деңгейі – мұның барлығы жақын арада Шығыс Қазақстан тұрғындарына қолжетімді болады», - деді әкім.
Қымбат МУХАМАДИЕВА