Өскеменде жаңа жағалау ашылады

257
көрілім
Фотосурет: akimatoskemen парақшасынан

Жаңа демалыс орнында ағаштың ондаған түрі отырғызылуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Қазіргі таңда Астана көшесі бойындағы жағалауды абаттандыру жұмыстары аяқталуда. 1200 метр жерге 12 мың шақырым тротуар тақталары салынып, жарық шамдары, автоматты суару, орындықтар, балаларға арналған ойын алаңы мен субұрқақтар орнатылды. Гүл отырғызып, газон салу жоспарланып отыр.
Жағалаудың салтанатты ашылуы тамыз айының соңында болатыны қала әкімі Жақсылық Омардың жұмыс сапары барысында белгілі болды.
Сондай-ақ жуық арада асфальттың соңғы қабаты төселіп, көлік қозғалысы ашылады.