Жазатайым оқиға салдарынан жасөспірім зардап шегіп, ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бүгін таңертең сағат 8:52-де Өскемендегі Промышленная көшесінде ЖҚС аумағында жанармай құюға арналған бөшкелерді тазалау кезінде ауа қосындысының жарылысы болды. Салдарынан 2010 жылы туған жасөспірімнің денесін термиялық күйік шалып, ауыр халде ауруханаға жеткізілді. ШҚО ТЖД құтқарушылары бөшкеден 1980 жылы туған ер адамның денесін алып шықты.
– Алдын ала мәліметтер бойынша, ол резервуарды тазалаған және оған 2010 жылы туған туысы көмектескен. Жазатайым оқиғаның себептері анықталуда, – делінген мәліметте.
ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, осы жайтқа қатысты Үлбі полиция бөліміндегілер ҚР ҚК 156-бабы 3-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.