Өскеменде жарты жылдан бері несие төлемей жүрген әйел ұсталды

446
көрілім

Заңнан аттаған әйелді әкімшілік және қылмыстық бап бойынша жазаға тарту көзделген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қалалық полиция басқармасының көші-қон қызметі бөліміне 43 жастағы өңір тұрғынынан 6 004 746 теңге мөлшерінде қарыз өндіріп алу туралы жеке сот орындаушысының қаулысы келіп түскен.
Әйелдің алты айдан бері, нақты айтсақ, маусым айынан бастап несие корпорациясының қарызын төлеуден жалтарып жүргені белгілі болды.
Көші-қон қызметінің өкілдері іздестіру шаралары барысында қарызын төлеуден жалтарған жанды облыс аудандарының бірінен тапқан.
- Қарызды өндіріп алумен сот орындаушылары айналысады. Жыл басынан бері ШҚО Полиция департаменті 80-астам борышкерді анықтағандарын атап өткен жөн. ШҚО ПД көші-қон қызметі атқарушылық құжатты орындамағаны үшін Заңмен ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік және ҚР ҚК-нің 139-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді, - деді ШҚО ПД баспасөз хатшысы Қарагөз Әбенова.