Өскеменде жас ақындардың Ұлықбек Есдәулетпен кездесуі өтуде

337
көрілім

ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, "Құрмет" орденінің иегері, ҚР Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулетпен "Жырларым - жүрегімнің жылнамасы" атты кездесу А.С.Пушкин атындағы кітапханада ұйымдастырылды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі. 

Ұлықбек Есдәулет 1954 жылы Зайсан ауданы Үлкен-Қаратал ауылында дүниеге келген. Жазушымен кездесуге жиылған облыс әкімдігінің қызметкерлері, жас ақын-журналистер мен оқырмандар жылы лебіздерін білдірді.
Шара барысында жазушының өмірбаяны мен шығармашылығына байланысты сұрақтар қойылып ақын атынан арнайы сыйлықтар берілді.