Полицейлер тәртіп бұзушылардың кім екенін анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Әлеуметтік желіде Ертіс жағалауында түсірілген бейнежазба тарады. Онда жасөспірім қыздардың тақтайшаларды жұлып, өзенге лақтырып жіберген.
- Үш жасөспірім бұл әрекетті бұзақылық ниетпен жасаған. Олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Ал ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін, - деді ШҚО ПД баспасөз қызметіндегілер.