Өскемен қаласында жастарға кеңес беру орталығы ашылды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
Орталықтың ашылуына «Jas Otan» жастар қанатының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы мұрындық болып отыр. Мұндағы мақсат – жастардың өзекті мәселелерін шешу, ақпараттық қолдау, тұрғын үй, жұмыспен қамту сынды мәселелер бойынша тегін кеңес беру.
- Бұл орталықта тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі, жұмыспен қамту бөлімі, полиция, сыбайлас жерқорлыққа қарсы қызмет, жастар орталығы, кәсіпкерлік және денсаулық сақтау саласының өкілдері шоғырланған. Сондай-ақ заңгерлер мен психологтар да бар. Олар әр аптаның сейсенбі мен жұма аралығында тұрғындарды қабылдап, кез келген сұрақтарға жауап беруге әзір, – дейді «Jas Otan» жастар қанатының ШҚОФ төрағасы Маржан Бақыт.
Жастарға кеңес беру орталығы Дос-Нар базарының екінші қабатында орналасқан.