Жоба авторы Айдос Райымбековтің сөзінше, голограмма арқылы құбылмалы ауа райына қарамастан жаяу жүргінші жолы көрініп тұрады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жол қазғалысы ережесіне сәйкес қуатты линзасы бар арнайы проектор жол өткелдерінде орнатылуда. Жаяу жүргіншілерді қағып кету жағдайлары жиілегенін ескерсек, бұл проекторлар қолайсыз ауа райы кезінде (тұман, жаңбыр, қар) немесе қараңғыда пайдаланылады.
Одан бөлек, бұл жол белгілерін жарықтандыру, мерекелік безендіру, қабырға суреттерін көрсетуге де жарамды.
Қала әкімі Жақсылық Омар проекторлардың жұмысын түн кезінде таныстыруды жөн көріп, кейін орнату орынды деген шешімге келді.