Соққыдан кейін түрлі дене жарақатын алған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі
Жол-көлік оқиғасы Мызы көшесінде 15 тамыз күні кешкі сағат 20:30 шамасында болды.
— Hyundai көлігінің жүргізушісі жаяу жүргінші жолында қыз баланы қағып кеткен. Түрлі дене жарақатын алған жәбірленуші ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады ШҚО ДП баспасөз қызметі.
Алдын ала мәліметтер бойынша, жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтірілгендіктен Қылмыстық кодекстің 345-бабының 2-бөлігі (Абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтірген жол қозғалысы немесе көлік жүргізу арқылы ереже бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.