Жедел жәрдем көлігіндегі дәрігерлер инфаркт алған науқасқа көмектесу үшін асығып бара жатқан, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
- Оқиға 21 желтоқсан күні Жаңа Ахмер ауылының маңында орын алды. Жедел жәрдем қалың қарға батып қалған. Таңертең 8.45-те біздің қызметкерлер «Өскемен-Тәртіп» КМК-ға қоңырау шалды, бірақ кәсіпорын диспетчері бұл аумақты тазалау олардың міндеті емес екенін айтты, - дейді облыстық жедел жәрдем бекетінің фельдшері Диляра Көженова. - Науқасқа басқа медициналық топ жіберілді. Көлік қардан тазаланбаған көшеде 13.45-ке дейін тұрды.
Көмекке әскери бөлімнің жеке құрамы келді.
- Облыстық жедел жәрдем бекетінің әкімшілігі 27/943 әскери бөліміне және жауынгерлік дайындық командирінің орынбасары Дәурен Еспердиновке зор алғыстарын білдіреді.
Дәрігерлер жедел жәрдем көліктері Красин, Меновное, Аблакетка ауылдарындағы жолдармен және Молдағұлова көшелерімен де жүре алмай, мейірбикелер науқастарға жаяу баруға мәжбүр болған.