Өскеменде желтоқсан айының соңына дейін жаңартылған трамвайлар жолға шығады

357
көрілім

Желтоқсан айының соңында қоғамдық көлік облыс орталығындағы трамвай паркінің жылжымалы құрамын толықтыратын болады, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Толық қалпына келтіруден өткен тармвайлар қалалық маршруттарға кіреді.

- Электр жабдықтарының бір бөлігі қалпына келтірілді, салондардың сыртқы келбеті мен интерьері, соның ішінде жолаушыларға арналған орындықтардың астына жылыту спиральдары ауыстырылды, - деді қала әкімінің баспасөз хатшысы Әлібек Тұрсымбетов.
- Трамвайлардың ішіне жылу қозғалтқыштары орнатылды, соның арқасында оңтайлы температура сақталады.