Аталған жайт Сәтпаев даңғылында тіркелді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО ПД өкілдерінің мәліметінше, жол көлік оқиғасы екі автокөлік пен мотоциклдің соқтығысуынан болған. Нәтижесінде мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында тіл тартпай кетті.
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.