Өскемен қаласының Протазанов көшесінде жеңіл көлік пен жол талғамайтын көлік соқтығысты, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
Өскемен қалалық Полиция басқармасының ақпаратына сәйкес, жол-көлік оқиғасы 24 ақпан күні «Ертіс концерт» Орталық мәдениет сарайы маңында орын алған.
- Chevrolet көлігін басқарған 60 жастағы зейнеткер әйел тұрақтан маневр қауіпсіздігіне көз жеткізбестен басты жолға шығып кеткен. Осылайша жол талғамайтын көлікпен соқтығысты, - деп хабарлады ШҚО Полиция басқармасының баспасөз қызметі.
Жол-көлік оқиғасы барысында зардап шеккендер жоқ.
Апатқа себепкер болған жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.