Жер қашау жұмыстары кезінде топырақ төмен қарай сусып 49 жастағы ер адам үйінді астында қала жаздады, - деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Бажов көшесі бойындағы комбинаты аумағында жұмысшылар жер қазып жатқан. Кенеттен бір жұмысшыны топырақ басып қала жаздады.
– Қуанышымызға орай, топырақ ер адамның кеудесіне дейін ғана басып қалған, – деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. – Қасындағы әріптестері көмектесуге жүгіріп, құтқарушыларды шақырған. Болған жайттан кейін зардап шегуші тыныс алуы ауырлағанын айтты. Құтқару жұмыстары бір сағатқа созылды.
Оқиға орнында жедел жәрдем қызметкерлері көмек көрсетті. Ер адамның еш жері сынбаған, десе де толық тексеру үшін жұмысшыны ауруханаға жеткізу керек.