Өскеменде жер үй ауласына бұлан кіріп кеткен

182
көрілім
Фото сурет жедел жасақ қызметінен

Қала тұрғындары жабайы аңды Согра кентінен байқады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Анықталғандай, бұлан жер үйдің ауласына кіріп кеткен. Біршама уақыт қоршау ішін кезіп жүрді. Ақпарат түскен бойда жедел жасақ қызметкерлері мен тәртіп сақшылары аталған мекенжайға барған. Орман және аңшылық шаруашылығы жедел әрекет ету бөлімінің баспасөз қызметіндегілер жануардың табиғи ортаға қайтарылғанын хабарлады.