Щербаков көшесінің тұрғындары үйлерін орталық жылумен жабдықтауға қосу туралы қала әкімдігіне өтініш жолдады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қала тұрғындарының сөзінше, көшеге жақын жерде жылу қазандығы бар, оның қуаты қосымша жүктемеге төтеп бере алады. Осыны алға тартып, көпшілік қол жинаған.
Қала әкімі Жақсылық Омар қарамағындағылардан желілерді жүргізу үшін қажетті соманы есептеуді сұрап, бұл мәселенің қарастырылатындығын айтты.