Өскеменде Жергілікті полиция қызметкерлері велосипедпен жүретін болды

791
көрілім

Өскеменде жергілікті полицияның ондаған қызметкері қоғамды велосипедшілер мәселесіне жұмылдыру мақсатында екі доңғалақты көлікке ауысты, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

– Жаз басталғалы қала көшелеріне экологиялық транспорттың әуесқойлары шыға бастайды. Сондықтан, біз де автомобиль жүргізушілерін велосипедшілерге түсіністікпен қарауға шақыру үшін және жол жүру ережелерін бұзбауы үшін қызметкерлерімізді екі дөңгелекті көлікке отырғыздық, – дейді ШҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасының бас инспекторы Ақгүл Атудинова. – Осы айда Өскемен қаласында велосипедшіге қатысты бір ғана жол-көлік апаты тіркелді, алайда оларға қатысты түсіп жатқан шағымдар көп.

Полиция қызметкерлері велосипедпен қалай қозғалу керектігін, бұрылу кезінде қалған жолдағыларға қалай көрсету керектігін, жаяу жүргіншілер жолағынан қалай өту керектігін және тағы басқаларды өздері көрсетті. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары олар 14 жасқа дейінгі балаларға жолға шығуға тыйым салынатындығын, 7 жасқа дейінгі балаларды арнайы жабдықталған орындықпен алып жүру керектігін көпшіліктің есіне салды.