Өскеменде жәрмеңке өтеді

431
көрілім

Алдағы сенбіде облыс орталығында кезекті ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өскемендегі «Freshmarket» фермерлік гастрономының алдында (Сәтпаев даңғылы) өтетін жәрмеңкеде Тарбағатай ауданының кәсіпкерлері өз өнімдерін ұсынатын болады. Тұрғындар назарына әдеттегідей арзан бағада ет, балық, май, сүт өнімдері, күнбағыс майы саудаланбақ. Кезекті ауылшаруашылығы жәрмеңкесі алдағы сенбіде, яғни ақпан айының 25-і күні сағат 8:00-де басталады.