Өскеменде жәрмеңке өтеді

523
көрілім
Шартты фотосурет

Ертең облыс орталығында кезекті ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
 Бұл жолы «Freshmarket» фермерлік гастрономының алдында (Сәтпаев даңғылы) өтетін жәрмеңкеде Шемонаиха ауданының кәсіпкерлері өз өнімдерін ұсынбақ. Тұрғындар назарына әдеттегідей арзан бағада ет, балық, май, сүт өнімдері, күнбағыс майы, бал, көкөніс саудаланады. Кезекті ауылшаруашылығы жәрмеңкесі алдағы сенбіде, яғни қыркүйек айының 17-і күні таңертең сағат 8:00-де басталады.