Нысан құрылысын кәсіпкер жауапты орындардың келісімінсіз бастап кеткен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«Daniel» сауда үйінен Назарбаев даңғылы және Абай даңғылы қиылысында орналасқан жерүсті өткеліне дейін өтпе жолын жасамақ болған. Тұрғындар байқағандай құрылыс аймағын қоршап, нысан құжатын да белгілеп қойған. Жоспар бойынша сауда үйі мен жерүсті өткел арасына жаяу жүргіншілер үшін жол салынбақ болған.
– Жұмыс әзірге тоқтатылды. Жоба ТҮКШ-нда келісімге жіберілді. Кәсіпкер өз еркімен жұмысты тым ерте бастап кетен, – дейді «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің басшысы Владимир Землянский.