Өскеменде жеті көліктен жалған нөмірлер табылды

441
көрілім
Шартты сурет

Оларды «Сергек» жүйесінің камералары анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Сәуір айының соңынан бастап қалада «Сергек-Қорғау» қосымшасы жұмыс істеп тұр. Ол тәртіп бұзушыларды нөмір бойынша автоматты түрде анықтайды. «Сергек» кешенінің жанынан өтіп бара жатқан әрбір автокөлік сканерден өткізіліп, деректер базасымен салыстырылады, ақау табылса, жүйе бұл туралы инспекторларға дереу хабарлама жеткізеді.

Мәселен, сәуір айынан бері қалада жалған нөмірмен жүрген 7 көлік табылып, 1086 жол ережесін бұзу фактісі бойынша 869 көлік ұсталды. Жалпы салынған айыппұл құны 15 млн теңгені құрайды.