Богдан Иванов есімді өскемендік 23 шілдеде таңертең серуендеуге кетіп, әлі күнге дейін үйіне оралмады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- Тұрғындар баланы соңғы рет Самал саябағындағы жағажайда көрген. Бала жеті жаста, қызыл футболка, көк шорты және қара аяқ киім киген, - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
ШҚО ПД жоғалған баланы көрген, білгендер болса «102» нөміріне хабар беруді сұрайды.