Өскеменде жоғалған қыз табылды

292
көрілім
Фото: полиция басқармасынан

Қараша айының 7-сі күні Өскемен қалалық полиция басқармасы Ертіс ПБ-нің кезекші бөліміне 39 жастағы қала тұрғыны келіп, 2008 жылы туған қызын іздеуге көмек сұраған, Buqara.kz сайтының тілшісі.

Анасының айтуынша, 3 қарашада қыз әкесіне кетіп, сол беті үйіне оралмады. Жедел – іздестіру шаралары барысында Өскемен қ.ПБ Ертіс полиция бөлімі ювеналды полиция тобының қызметкерлері жоғалған қыздың орналасқан жерін анықтады. Осы уақыт бойы ол құрбысының үйінде болған.

- Бойжеткен 3 қараша күні сағат 14:00 шамасында үйден шығып, бөлек тұратын әкесіне барғанын айтты. Біраз уақыттан кейін ол әкесіне құрбысының үйіне барып түнейтінін айтып, сұранған. Кейін телефонын өшіріп, байланысқа шықпаған көрінеді, - делінген мәліметте.

Тәртіп сақшыларының сөзінше, үйге оралғысы келмепті.

- Орналасқан жері анықталған соң қыз бірден анасымен жолықты. Қазір оның өміріне, денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ, – деді Өскемен қ.ПБ бастығы Андрей Мула.

Полицейлер қала тұрғындарына өздерінің кәмелетке толмаған балаларына мұқият болуды, бала немесе жақын туыстары жоғалған жағдайда өз бетінше іздеуге уақыт жоғалтпай, дереу 102 арнасына хабарласу керек екенін еске салады.