Өскеменде жоғалып кеткен бозбаланың денесі табылды

434
көрілім
Фото:aikyn.kz сайтынан

Өскемен қаласында кешелі бері із-түссіз жоғалған 17 жастағы бозбаланың денесі табылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 13 желтоқсан күні полицияға хабарласқан әйел адам ұлының жоғалып кеткенін айтқан.

- Сол күні ол түскі уақытта үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, қайта оралмады. Іздестіру жұмыстарына полицейлер мен еріктілер жұмылдырылған, - делінген ақпаратта.

Бүгін сағат 14.00 шамасында бозбаланың денесі табылды. Алдын ала дерек бойынша ол өз-өзіне қол жұмсаған.

- Қазіргі уақытта барлық мән-жай анықталып жатыр. Өзге ақпаратты жария етуге тыйым салынған, - делінген хабарламада.