Оқиға салдарынан мотоцикл жүргізушісі жансақтау бөліміне түскен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Сәуір айының 23-і күні кешкі сағат 20:00 шамасында Н.Назарбаев даңғылында мотоцикл тізгіндеген жүргізуші автобуспен соқтығысқан. «Suzuki» жүргізушісі қозғалыс жылдамдығын асырып жіберген болып шықты.
Ұсынылған мәліметке сүйенсек, мотоцикл жүргізушісі зардап шеккен.
– Жол апатына байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалды, – деді ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.