Өскеменде жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл көлік аударылып қалды

405
көрілім

Көлік жүргізушісі мас күйде рөлге отырып, қала ортасында аударылып қалған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Оқиға 27 қазан күні түнде Назарбаев даңғылында орын алды. 24 жастағы Toyota Camry көлігінің жүргізушісі жолдан шығып кетіп, темір қоршау мен ағашқа соғылған. Салдарынан көлік аударылып, үш жолаушы дене жарақатын алды.

Темір тұлпар иесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.