Гагарин бульвары мен Грузинская көшелерінің қиылысында екі жеңіл көлік соқтығысты, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, оқыс оқиға бүгін болған. 33 жастағы жүргізуші «Huyndai» маркалы көлігін тізгіндеген бойда Гагарин бульвары көшесімен Карбышев көшесіне қарай жол тартқан. Қозғалыс кезінде Грузинская көшесіне қарай солға бұрыламын деп қарсы беттегі басқа көлікпен соқтығысып қалды.
– Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде төрт адам зардап шекті. Жол апатының басқа себептері мен кінәлі адам анықталуда, – деп хабарлады Өскемен қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі.