Өскемен қаласының әкімі жолүсті өткелі салынатын бірнеше учаскелерді атап өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мәлім болғандай, аталған құрылыстың салынуына қала тұрғындары да себепші болған.
– Жолүсті өткелі бізге керек-ақ, – дейді қала басшысы Жақсылық Омар. – Сол үшін арнайы жоспарлар белгілейміз. Қазір мәселенің шешілу жолдарына жан-жақты үңілудеміз. Орталық базар маңындағы «Евразия» сауда орталығы тұсын ұсындық. «Валентина» сауда орталығы орналасқан Назарбаев даңғылы мен ЖМК жанындағы 44-ші мектеп тұсын да жоспарға енгіздік. Бұл ұсыныстарды жол полициясы басқармасы жеткізген болатын.