Өскеменде ЖОО-ға түсуге көмектесуді ұсынған алаяқ ұсталды

1356
көрілім
Шартты фотосурет

Қыркүйек айының 30-ы күні Үлбі полиция бөлімінің «102» жедел арнасына облыс орталығының тұрғыны хабарласып, әлдекімнің 750 мың теңге ақшасын иемденгендігіне шағымданған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Нақты айтсақ, 42 жастағы тұрғын қоңырау шалып қыркүйек айының 28-і күні Өскеменде тұратын танысы ұлын қаладағы университеттердің біріне тегін оқуға түсуге көмектесемін деп сендіріпті. Соны желеу етіп 750 мың теңге сомасындағы ақшасын иемденген.

- Жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері күдіктіні полиция бөліміне жеткізді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, - деп айтты Өскемен қалалық полиция басқармасының бастығы Андрей Мула.