Өскеменде есірткі зертханасы анықталып, 100 келі мефедронның сатылымға шығуына жол берілмеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары есірткі зертханасына айналған жертөледе зертханалық жабдықтарды, прекурсорларды және сатуға дайын тұрған аса ірі мөлшерде синтетикалық есірткі заттарын тәркіледі.
«Сараптамаға сәйкес, тәртіп сақшылары 1,4 келі мефедрон мен 1,6 тонна химиялық сұйықтықты тәркіленді. Осылайша, полиция қызметкерлері шамамен 100 келі синтетикалық есірткінің өндірісіне тосқауыл қойды. Аса ірі көлемде есірткіні заңсыз өңдеу, сатып алу, сақтау және өндіру бойынша қылмыстық іс қозғалды», - делінген ақпаратта.
Есірткі зертханасының жабдықтарын жинап, тыйым салынған заттарды жасаумен айналысқан 41 жастағы қала тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ер адам мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.