Тәртіп сақшыларының анықтауынша, жүргізуші көлікті тізгіндеу кезінде мас күйінде болған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, келеңсіз жағдай қаланың Базовая көшесінде болған. 1967 жылғы жүргізуші көлікті басқару кезінде рөлге ие бола алмай жүк көлігі аударылып қалған.
– Медициналық анықтау нәтижесіне сәйкес жүргізуші мас күйінде болған, – деп хабарлады Өскемен қалалық Полиция басқармасы.
Құқыққорғау органдары қызметкерлерінің айтуынша, жол апатынан зардап шеккендер жоқ. Көлік иесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.