Азық-түліктің бұл түрін әлеуметтік бағада жүзеге асырумен «Ертіс» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы айналысады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аталған ӘКК және «Алтай» бөлшек-сауда орталығы» аралығында бірінші дәрежелі жұмыртқа жеткізу бойынша қарызға алу келісімшартына қол қойылған. Былтыр жұмытқаның 10 данасы 570 теңгеден сатылған еді.
– Бұл әдіс арқылы өнімге сұраныс артқан кезде бағаның күрт қымбаттауын болдырмай, оны тұрақтандыруға мүмкіндік туды. Осы айда жеткізушімен төмендетілген бағада саудалау туралы келісім жасалды. Енді қалалықтар 10 дана жұмыртқаны 410 теңгеден сатып ала алады, – делінген корпорация өкілдері ұсынған мәліметте.