Бұл туралы қала әкімі Жақсылық Омар өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Шаһар басшысының айтуынша, ауа температурасының жылынуына байланысты, жылыту маусымы 27 сәуірде аяқталады.
- Қала атынан тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды үздіксіз жылумен қамтамасыз еткен жылумен қамту саласының барлық қызметкерлеріне алғыс айтқым келеді, - деді Жақсылық Мұқашұлы.