Бұл туралы қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Еркін Тұраров мәлімдеді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Облыс орталығында үш жылыту станциясы бар. «Өскемен ЖЭО» ЖШС, «ӨЖЖ» АҚ және "Согра ЖЭО" ЖШС-тері қаладағы негізгі жылу орталықтары.
Еркін Тұраровтың сөзінше, жылыту маусымындағы көмірмен қамту жұмысы қалыпты. Көмірдің жалпы сұранысы 248 500 тонна болса, оның 146 000 тоннасы тасып жеткізілген. Бұл көрсеткіш 58 пайызды құрайды. Әлеуметтік көмір 40 000 тонна, оның 20 279, 3 тоннасы яғни 50 пайызы тасымалданды.
Оның ішінде «Өскемен ЖЭО» ЖШС-не 84 пайызы 1 100 000 тонна, «ӨЖЖ» АҚ-не 59 597 тонна, яғни 72 пайызы, ал "Согра ЖЭО" ЖШС-не 96 689 тонна, 66 пайызы жеткізілген.
Айта кету керек, жылу станциялары қаладағы 1655 тұрғын үйдің 1522-іне қара алтынды дайындап қойған. Бұдан бөлек, бюджеттік саладағы нысандар да бар.
Мамандардың сөзінше, қазан айының соңына дейін қаладағы мекемелер мен үйлерге көмір уақтылы жеткізілетін болады.